Қаламыздағы «Төкеш Ыырай» мешітінде балдырғандарға жаздық сауат ашу курсы басталған болатын. «Тәрбие тал бесіктен» дегендей Балдырғандарға ұлттық тәрбие мен имани тәрбиелік сабақтар өтіп, әр түрлі білім және спорт жарыстары ұйымдастырылды.
Әрине әр нәрсенің басталуы бар, әрі аяқталуы бар. Бір айға жуық жалғасқан жаздық сауат курсы аяқталып балалар мен ата аналарына Бас имам атынан алғыс хаттар табысталды. Ата аналар разылықтарын білдіріп, мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Дастарқан жайылып балаларға тәтті тағамдар ұсынылды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.