Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері қарай тіліміз бен дініміз оралып, қазақы салт-дәстүрлеріміз жаңғырды. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер басшы ретінде халқына мол мүмкіндіктер жасағандығының белгісі. Елімізде тұратын әр ұлт өкілі өз діні мен ата-бабаларынан қалған әдет-ғұрыптарына қайта оралу бақытына ие болды. Міне, мұсылман қауымның ерекше қуанышпен қарсы алатын Қадір түні қарсаңында Семейдегі Қос мұнаралы мешітте қала әкімі Ермак Сәлімов ауызашар берді.
Ауызашар беру сауапты амал. Ораза тұтқан кісілерге берілетін болса, сауабы Алладан болары хақ, яғни ораза тұтқандардың сауабындай сауап алады. Арнайы дайындалған ауызашарға жүзден астам адам жиналды. Семейліктер өздеріне осындай тамаша мол дастархан жайған қала әкімі Ермак Бидахметұлына шексіз ризашылығын білдірді. Ақсақалдар ақ батасын берді. Қарапайым халық қала әкімі Ермак Сәлімовке Алланың нұры жауып, Рамазан айында тілектері қабыл болсын деп разылықтарын жеткізді. Семейдегі Қос мұнаралы Орталық мешіт наиб имамы Елбек Қожамұратов, жиналған халыққа Қадір түнінің қасиеті жәйінда уағыз насихат айтты. Ауызашарға «Ақылдастар» ауыл ардагерлері бірлестігінің төрағасы Сағындық Бейсенбаев бастаған ақсақалдар және қаладағы «Semei», ТВК-6 телеарнасының ұжымы, зиялы қауым мен ақжаулықты апа-әжелер, жалпы ораза тұтқан барша мұсылман қауым жиналды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.