Орталық кітапханадағы кездесу

Аягөз қаласындағы орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Экстремизм және терроризмнің алдын алу, ұлттық құндылықтарды, зайырлы өмір салтын насихаттау» атты тақырыпта кездесу өтті. Жиынға Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы, Семей қаласы Салауат жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Айдын Қайырбекұлы және кітапхана оқырмандарымен қатар, политехникалық колледж студенттері қатысты. Өз кезегінде сөз алған қатысушылар жастарды қоғамдағы саяси, діни топтардың әретекеттерін, сақтану жолдарымен қатар ата – бабаларымыздың ұлттық құндылықтарына тоқталып, рухани жаңғырудың мақсатын айтып өтті.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі