Ата дәстүр- асыл қазына

img-20170203-wa0095«Жастар ісі бөлімі» мен «Әйел – қыздар секторы» қаламыздағы қарттар үйінде болып қайтты. Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айдын Жүнісбек тек атаулы күндері ғана емес, әр жұма күндері қарттар үйінде уағыз- насихат жұмыстарын жүргізіп отырады. Сол әдетімен кезекті  жұма күнін қарттар үйінде өткізді.  Қарттарымыздың өтініші бойынша әйел қыздар секторы «Ата дәстүр- асыл қазына» тақырыбында қойылым көрсетті.  Алланың елшісі (с.а.с) «Үлкенге құрмет көрсетпеген бізден емес», «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер!» -дегендей, асыл қарияларымызға  мейірімділік пен жылулық білдіру, әрқашан көңіл бөліп құрмет көрсету үлкен сауапты амал екені сөзсіз. Қазақ халқының сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу болып табылады. Шараның басты мақсаты да осы болып табылды.

Біздің халқымыздың тарихы мен дәстүрінде әке-шешесін қарттар үйіне апарып тастау деген жаман әдет болмаған. Қазақ отбасында ата – ананың қадірі ерекше болған: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген мақал бар. Біз «Төріңнен қарт кетпесін» деп дұға тілеген халықпыз. Қай кезең, қай заманда болмасын үлкендерді сыйлағандықтан зиян көрген қоғам болмаған. Қарттарға  ілтипат көрсету – ең асыл, ең қымбат қасиет. Қарттарға құрмет көрсету жас ұрпақтың алдындағы парыз» –  (Бас мүфти   Ержан қажы Малғажыұлы).

Осылайша, елеп ескеріп келген ұжымға өз ризашылықтарын білдірген қарттарда ақ батасын беріп, шығарып салды.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

img-20170115-wa0113 img-20170203-wa0057 img-20170203-wa0061 img-20170203-wa0062 img-20170203-wa0063 img-20170203-wa0067 img-20170203-wa0069 img-20170203-wa0071 img-20170203-wa0082  img-20170203-wa0097 img-20170203-wa0104 img-20170203-wa0105 img-20170203-wa0106 img-20170203-wa0108