Зайырлы қоғамдағы діндар әйел тұлғасы

Аягөз қалалық мешітінде «Зайырлы қоғамдағы діндар әйел тұлғасы» атты семинар өтті. Семинарға «Әйел – қыздар» секторы мүшелері, «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында дәріс алушы апайлар тобы қатысты. Семинарды Өскемен қаласы Халифа Алтай мешітінің ұстазы Зарқымқызы Талшын өткізді. Сонымен қатар семинарға Аягөз қалалық мешіті, Үржар мешіті ұстаздары қатысып, тәжірибие алмасты. Бұл жиында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірімен қатар қоғамдағы жат ағым мәселесіде қозғалды. Проектордан экстремизм жайлы бейне ролик көрсетіліп, Елбасының дәстүрлі дініміз жайлы сөзі баяндалды. Жиын соңы ақдастархан басында жалғасып, сұрақтар қойылып, жауап берілді. Семинарды өткізуші ұстаздарға марапатпен сый табыс етілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.