Дальный кентінде мешіт салынатын жерге қазық қағып, алғашқы іргетасын қалау рәсімін өткізді.

Семей қаласы Дальный кентінің жамағатын қуанышқа бөлеген жағымды жаңалық. Семей қаласынан бір топ кәсіпкер аудан орталығында мешіт және қарилар орталығы медресесін салып беруді ұйғарып отыр.

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы және кәсіпкерлер мешіт жамағаттары, ақ жаулықты қажы апаларымыз мешіт салынатын жерге қазық қағып, алғашқы іргетасын қалау рәсімін өткізді.

Ислам дінінде мешіт, медресе салған адамға о дүниеде де сарай салынатыны айтылады. Ертеңгі күннің қамын ойлап, мешіт салуды ұйғарған кәсіпкер ағаларымызға  тек жақсылық тілейміз. Тілек-дұғалары да қабыл болып, Алла жар болсын деген тілегімізді жолдаймыз.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.