Шағбан ауызашары

Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері Шағбан айы оразасын ұстаушыларға ауызашар ұйымдастырды. Мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы ақдастархан басында ораза ұстаушыларға ниетін білдіріп, тамақ ішу әдебімен қатар ораза жайлы уағыз айтты. Наиб имам Дәулет Қинаятұлы шағбан айы, Бәраат кеші жайлы насихат айтып, жамағат өздерінің ізгі тілегін білдірді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі