Ақтоғай бекетіндегі Мәуліт мерекесі

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекетіндегі мәдениет үйінде Әз – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы құрметіне Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай бекетіндегі мәдениет үйінде Әз – Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған айы құрметіне Мәуліт мерекесі аталып өтті. «Мәнсул» мешітінің молдасы Жомарт Жұмағазыұлы және ауыл әкімі Зайыр мырза мерекемен жамағатты құттықтап, дініміздегі Пайғамбарымыздың құрметі жайлы баяндады. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы мәуліт мерекекесімен көпшілікті құттықтап, ізгі лебізін білдірді. «Ана жүрегі», «Қабірден хат» атты монолог мерекенің ажарын аша түсіп, еріксіз көздерге жас алдырды. Қазақтың қара домбырасымен термелер шырқалып, мерекеге атсалысқандарға сый – сыйапат жасалды. Мереке соңы мәуліт құрметіне жайылған ақдастархан басында жалғасып, разылықтарын білдірген ақсақалдар ақбаталарын берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі