
«Жол апатынан қаза болған марқұмдардың отбасына өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан көңіл айтамын. Алла қайғының артын қайырлы етіп, марқұмдарды рақымына алғай. Жарақат алған жандарға Жаратқаннан шипа тілейміз» делінген Бас мүфтидің көңіл айту хатында.
Айта кетсек, «Қызылорда-Құмкөл» жолындағы автобус апатынан 8 адам қайтыс болып, 20-дан астам жарақат алды.