Тәуелсіздік баға жетпес байлық

Міне тәуелсіз ел болғанымызга жиырма сегіз жыл толды. Егемендік Алланын үлкен сыйы. Ол бізге ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, ата бабалардың канымен маңдай терімен келген нығмет. Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздактарды еске алып, құрмет көрсету ниетімен ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел- қыздар секторы»-ның ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік баға жетпес байлық ” атты рухани шара өтті. Шараға каламыздын мешіт шәкірттері мен ұстаздар қатысты.  Іс шара орталық мешітінің наиб имамы Ерлан Досымұла Тәуелсіздік жолындағы курбандарының  рухына құран бағыштап бастады. Кеш барысында шәкірттер дайындаған тәрбиелік бағдарламамен қатар ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының  маңызы мен мақсаты ашықталды. Соңында Семей қаласында  өрттен зардап шеккен отбасыларға сыйлықтар мен азық түлік таратылды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.