«Әйел қыздар секторы» алғыс хаттармен марапатталды

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел қыздар секторы» өз жұмысын бастаған уақыттан бері  қыз келіншектерді бірлікке, игі істерге баулу мақсатында  әртүрлі тақырыптарда тәрбиелік танымдық шаралар ұйымдастырып отырады.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл әжелер мен аяулы қыз келіншектер   ұлттық дәстүр мен сананы дәріптеп  жыл бойы  қоғамдық, мәдени және қайырымдылық шаралар өткізіп келеді. Семей қаласының «Қос мұнаралы» орталық мешітінде әйел жамағатына уағыз өтті. Орталық мешіттің наиб имам Омаров Ерлан Досымұлы Құран мен хадисті келтіре отырып, әйел адамның Алла бекіткен міндеттері мен  құқықтары, отбасы тәрбиесіндегі алатын орны тақырыпта уағыз айтты.  Сондай-ақ, жиынға қатысқан «Әйел-қыздар» секторы мүшелері  келер жылға сектордын жоспарын талқылады.

         Басқосудың соңында Турлыкажанова Динара ұстаз мешіт ішіндегі және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан сектор мүшелеріне бас имам атынан алғыс хаттар ұсынды

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.