Аталмыш шараның мақсаты да халқына өшпес мәңгі мұра қалдырған Хәкім Абайдың өлеңдерін, шығармаларын зерделеп өскелең ұрпаққа насихаттау. Семинарға Семей өңірі бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы және мешіт ұстаздары, көп жыл шәкірт оқытып, тәрбиелеген ардагер ұстаздар мен әйел жамағаты қатысты. Ғибратты шара құранды әуезіне келтіріп оқудан басталды.
Рухани шара барысында Семей өңірі бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы аталмыш шараның маңыздылығын айта келе, Абайдың біртуар тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосқан Зере мен Ұлжан аналарымыздың даналығы турасында айтылды. Мешіт шәкірттерінің мәнеріне келтіріп оқыған Абай өлеңдері мен қара сөздері тыңдаушыларды терең ойға салды. Асыл әжелер терең мағынасы бар «Сегізаяқ» «Көзімнің қарасы» әндерін де нақышына келтіріп қоңыр дауыспен тамаша орындап көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлына арналған тағылымдық танымдық әдеби кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ұлт мақтанышы Абайдың мерейтойына арналған рухани кеште Әйел қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «Ұлы тұлғалардың ардақты аналары» тақырыбындағы шығармалар бәйгесінің қорытындысы анықталып, бас имам Асқар Әбітайұлы жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Атап айтсақ: Бірінші орын жеңімпазы Мухамадиева Меруерт 30 мың тнг.
Екінші орын жеңімпазы Диана Жәнібекқызы 25 мың тнг.
Үшінші орын жүлдегері Ләззат Нигметова 20 мың тнг. Сыйлығымен марапатталды.
Шығарма бәйгесінің барлық басқа қатысушыларының еңбектері бағаланып сыйлықтар табысталды.
Өнегелі тағылымды рухани шара Семей қаласының әйелдер қауымын, жан жақтан келген қонақтарды ерекше рухани әсерге бөлеп амандық пен ізгіліктің шұғыласына бөледі.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру