Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы

ҚМДБ «Әйел қыздар секторы» Ұлы ақынның мұрасын  танып-білу мақсатында

Семей қаласындағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайында болып, ақын өміріне қатысты құнды жәдігерлерді тамашалап, экскурсия жасады.

Экскурсия барысында Абайдың шежіресімен танысып, өзі тұтынған заттарды көріп Абай әлеміне саяхат жасады.  Абай өмірі мен шығармашылығы, оның ұрпағы, жақындары  және  замандастары жайлы мол мағлұматтар алды. Уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізген   әйел жамағаты керемет көңіл күймен тарқасты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі