Осыған байланысты ол ел тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға шақырды. «Коронавирус жұқтырған адамның дене қызуы көтеріліп, қайта-қайта шөлдей береді. Ал коронавирус жұққан жағдайда 1406 колл-орталығына хабарласқан жөн» деді ол.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да коронавирустың алдын алу шараларына қатысты мұсылман жамағатына арнайы үндеу жариялады.
«Мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз:
- Мешітке бетперде (маска) тағып келу;
- Намаздан тыс мешітте топтаспау;
- Мешітке үйден дәрет алып келу;
- Мешітке кіргенде және намаздан соң қол беріп амандаспау;
- Намаздан кейін көп кідірмей мешіттен шығу;
- Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
- Қариялардың, науқастар мен әйелдердің жамағат намазына қатыспағаны абзал» делінген үндеуде.
Үндеудің толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Пікір қалдыру