ҮРЖАР АУДАНЫНДА ЖАҢА ИМАМ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Үржар аудандық мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды. Ендігі аралықта бұл абыройлы міндетті білікті дін қызметкері Ұлан Шрайнбеков атқаратын болады.

Ұлан Ермекұлын үржарлық жамағат алдында Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқанов таныстырды. Асқар Әбітайұлы сонымен қатар бас мүфтидің жаңа тағайындау туралы бұйрығын да көпшілік алдында оқып берді.

Айта кетсек, Ұлан Шрайнбеков осыған дейін Семей қаласындағы Төлеубек қажы мешітінде ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек еткен болатын. Діни қызмет саласындағы тәжірибесі де, жетістіктері де мол.

Ал, Үржар ауданының бұрынғы бас имамы болған Нұрзат Қасымұлына жамағат ұзақ жылдар бойғы қызметі үшін алғыс білдіріп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, ризашылықтарын білдірді. Ендігі аралықта Нұрзат Қасымұлы жаңа қызметін Семей шаһарындағы Төлеубек қажы мешітінде жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, өңірдің бас имамы Асқар Әбетайұлы үржарлық жамағат алдында әлемді алаңдатқан коронавирус індетінен сақтану мақсатында діни басқарманың нұсқауымен, жұма намазын оқуға байланысты уақытша енгізілген өзгерістермен таныстырып, бұл күні мешіттерде орындалатын кейбір сүннет, мұстахаб амалдарды шектеу керектігін жеткізді.

Өмірбаяны:

Шрайнбеков Ұлан Ермекұлы

Семей облысы Шұбартау ауданы

Бидайық ауылында дүниеге келген.

 БІЛІМІ :

2004-2005 жылдары ҚМДБ-ның жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының дайындық курс филиалын тамамдады.

2008 жылы 4 айлық Алматы қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру Ислам институтында «Имам хатиб» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2010 жылы 2 айлық Туркия мемлекетінде діни білімін жетілдірді.

2012 – 2014 жылы Семей қаласы, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті

2014 – 2016 жылы Алматы қаласы, Нұр мүбарак египет ислам мәдениеті университеті.

2016 – 2018 жылы Магистр Алматы қаласы, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті.

         МАМАНДЫҒЫ:  «Дінтанушы»  «Имам  хатиб»

2003 – 2004 Семей қаласындағы «Тыныбай» мешітінде қызмет атқарды.

2005-2007 жылы Семей қаласындағы Комсомол кентіндегі «Шағыл» мешітіне уақытша имам қызметін атқарды.

2007 – 2020 жылы «Төлеубек қажы» мешітінде Бас имам қызметін атқарды.

Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.