«Жүрек жылуы» акциясы

Ел басына күн туғанда бір біріне жәрдемдесу әр мұсылманға міндет.

Қазіргі таңда әлемді жайлаған covid-19 індетіне байланысты сақтық шарасына үлес қосу мақсатында ҚМДБ  Семей қаласы бойынша «Әйел  қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Жүрек жылуы» акциясы аясында  мешіт шәкірттері мен еріктілер тобы маска тігіп тегін таратуда. Игі шара барысында бес жүзден аса бетперде тігіліп табысталды. Бұл игі шараны әйел жамағаты алдағы уақытта да жалғастырып тұрғындарға тегін таратуды ниет етіп отыр.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.