ҮРЖАР АУДАНДЫҚ МЕШІТІ ИМАМДАРЫ БАС МҮФТИ ҮНДЕУІНЕ ҮН ҚОСТЫ (ФОТО)

Елімізде төтенше жағдайға орай ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің төтенше жағдайға байланысты имамдардың қасиетті Құранды үздіксіз хатым етуін үндеген болатын.

Осы үндеуге үн қосқан ҚМДБ-ның Семей аймағына қарасты Үржар аудандық мешітінің имамы Шрайнбеков Ұлан Ермекұлы және барша дін қызметкерлер үн қосып, мешітте Алладан шипа тілеп, күллі адамзат баласын жұқпалы дерттен аулақ қылып, еліміз бен жерімізді түрлі апат індеттерден сақтап, науқастанған жандарға дұға жасады.

Үржар аудандық мешітінің баспасөз қызметі