Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен және Зекет корпоративтік қоры ұйымдастыруымен «Көшпелі керуен» атты Республикалық қайырымдылық шарасы аясында Семей аймаына қарасты әр өңірде отыз жанұяға, барлығы 600 отбасына бір мезетте азық-түлік себеттері таратылды. Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы бастаған және қала имамдары 30 жанұяға азық түлік себеттерін таратып, сол отбасылардың тұрмыс тіршілігімен танысып, қал жағдайларын біліп, әңгімелесіп қайтты. Таратылған себеттерде 5 кг ұн, 5 кг қант, 5 л сұйық май, 5 кг рожки, 3 кг вермишель, 3 кг қарақұмық т.б заттар салынды. Осы азық түлікке 250000 теңге қаражат жұмсалды. Азық –түлік таратылған үй иелері имамдарға, карантинде жасалған көпетеген қайырымдылықтарын ауызға тиек етіп, халықпен бірге болғандарына ризалықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру