Курчатов қалалық мешітінде жаңа имам таныстырылды

Курчатов қаласына іс-сапармен барған ҚМДБ - ның Семей өңірі бойынша Бас имамы Асқар Әбітайұлы.

 ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бұйрығымен Курчатов қалалық  мешітіне бас имамдық қызметіне тағайындалған  Нұржан Медеуханұлын наурыз айындағы карантин жағдайларына байланысты таныстырылымы кейінге шегерілген болатын бүгін сәті түсіп Семей өңірі бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы мешітке келген жамағатқа имамды таныстырды. Жаңа тағайындалған бас имам Нұржан Медеуханұлына қызметінің сәтті болуына тілек білдіріп, Курчатов қалалық мешітте имамдық қызметін абыроймен атқарған Серік Төлегенге алғыс айтып ризашылығын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.