«Қайырымдылық керуені» және «Мектепке жол» акциясы іс – шарасында 10 отбасыға көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының 30 жылдығына орай ҚМДБ-ның Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» іс – шара Шар қаласында өтті.

Айтулы шара барысында Семей орталық мешітінің наиб имамы Бекзат Боранбайұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолға алып отырған игі шараның маңыздылығына тоқталып, арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.

«Қайырымдылық жасау – қайырлы іс. Мұқтаж жандардың қажетін өтеу – Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалған асыл сүннетіміз.

Шар қаласының тұрмыс жағдайы төмен 10 отбасыға  арнайы азық-түлік себеттері (ұн мен макарон өнімдері, күріш, қарақұмық, қант, сұйық май, шай) үлестірілді, және  «Мектепке жол» аясында 10 оқушы балаға мектепке қажетті оқу құралдары берілді.

Шара соңында, мұқтаж жандар дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, жасап жатқан игі істеріне ризашылықтарын білдірді.

Шар қалалық баспасөз қызметі