Жаңа оқу жылы барысында ұйымдастырылған бұл дәстүрлі игі шара тек Семей қаласында ғана емес, аудандық мешіттерде де жүзеге асты. Мақсат – әлеуметтік аз қамтылған оқушыларды мектепке қажетті оқу құралдарымен қамтамасыз ету. «Мектепке жол» акциясы аясында 200 Семейлік оқушыға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Атап айтқанда, Семей қалалық мешіттерде 100 оқушы және аудандық мешіттерде 100 оқушы қамтылды.
Осы игі іс-шараға демеушілердің 1 миллион 100 мың теңге қаражаты жұмсалды. Бұл ретте көпбалалы және мұқтаж отбасылар басты назарға алынды.
200 баланың 190-ға оқу құралдары салынған мектеп сөмкелері берілсе, 10 балаға онлайн оқу үшін қажетті планшет тарту етілді.
Семей өңірі бойынша бас имамы Асқар Әбітайұлы дініміздегі білім алудың орны мен білімнің маңыздылыған тоқталып, әрбір ер мен әйелге білім алудың парыз екендігін айтты.
Игі шараларға жиналған ата-аналар қайырымдылық акциясын ұйымдастырған Семей өңірі бойынша өкілдігіне қарасты барша мешіт қызметкерлері мен демеушілік көрсетіп, ізгі шараға бір ауыздан ат салысқан барлық жомарт жандарға өз алғыстарын айтты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру