Жылдық астың орнына  100 – отбасыға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Семей «Қос мұнаралы» орталық мешітінде Әубәкіров Мұрат Құрметұлының дүниеден қайтқанына 1 жыл толуына орай қайырымдылық іс – шара  өтті.

Қазіргі карантин жағдайына байланысты Мұрат Құрметұлының отбасы үлкен ас беруден бас тартып, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратып берді.

Қайырымдылық шара барысында жағдайы төмен, көпбалалы 100 отбасыларға азық-түлік себеті үлестіріліп. Онда ұн 5 кг, май 5 литр, қант 5 кг, шәй, күріш 5 кг, макарон 5 кг, қарақұмық 2 кг және медициналық бетперде, қолғап берілді. Жалпы, бір отбасыға шаққанда 9000 (тоғыз мың) теңге көлемінде  қаржы жұмсалды.

Сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткен соң оның амалының барлығы үзіледі (тоқтайды), тек үш түрлі амалы үзілмейді: жария берген садақасы, артынан қалдырған пайдалы ілімі немесе оған дұға жасайтын салиқалы ұрпағы» делінген.

Көмек алған жандар ризалықтарын білдіріп, жомарттық жасаған азаматтарға да алғыстарын айтып, көңілді күймен тарқасты.

ҚМДБ-ның Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызмет