Сұхбат барысында Нұрбек Әуесханұлы қазақ руханиятының көшбасында тұрған Абай Құнанбайұлының мерейтойына орай мүфтият тарапынан атқарылған жұмыстар, хакім қалдырған рухани ілім жайында сөз қозғады. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан игілігі мол қоғамдық іс-шаралар жайында да кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ, дініміздегі ерекше айлардың бірі – келіп жеткен мәуліттің қадір-қасиеті мен Пайғамбарды құрметтеудің, оған деген сүйіспеншіліктің көрінісі, айқын дәлелі ретінде бұл айда салауатты көбірек айтудың артықшылығы жайында да тоқталды.
Сөзінің соңында барша семейліктерді мәуліт мерекесімен құттықтаған Н.Әуесханұлы еліміздің өркендеуі мен тыныштығы үшін дұға жасап, баталы тілек білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру