Дөңгелек үстел түріндегі басқосуға санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірдегі дін қызметкерлері, мешіт имамдары қатысты. Семинар барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дін істері және талдау бөлімінің» меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет кең көлемде түсінік беріп өтті. Атап айтсақ, мүфтият жарғысы негізіндегі «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» тақырыбындағы маңызды мәселелер ортаға салынды. Имамдар мен ауыл молдаларының қызметтік ұстанымдары, зайырлы қоғам, мемлекеттің заңдары мен қалыптасқан тәртіптерге қарым-қатынасы жайлы да сөз қозғады. Өз кезектерінде қатысушы дін қызметкерлері де сауалдар қойып, тұшымды жауап алды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру