ЖАНТ мүшелері бас қосты.

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының бастасымен Семей аймағы бойынша ЖАНТ мүшелері бас қосты. Жиын барысында Қазіргі таңдағы дәстүрлі дініміз бен ата салт-дәстүрімізден шеттеп жүргендерге нақты бағыт беретін төл туындының халқымызға, оның ішінде жастарға тәлім-тәрбиелік мәні зор екендігін алға тартқан өкіл имам өңірдегі діни ахуалдарды тыңдады. Жиында Семей аймағы бойынша ЖАНТ жетекшісі Тасболатұлы Елбек, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен  ЖАНТ жетекшілерімен өткен жиналыстың мазмұнын ЖАНТ топ мүшелеріне жеткізді.  Жалпы, Семей аймағы бойынша діни ахуал тұрақты. ҚМДБ – ның тарапынан жүктелген жаңаша бағыттағы міндеттер мен талаптар өз үдесінен шығып отыр.  ЖАНТ жұмысының бағыттары талқыланып, теріс ағымға қарсы жас ұрпақ бойында «иман иммунитетін» қалыптастыру керек екендігін айтты. Қала имамдарымен алдағы жоспар турасында талқылаған өкіл имам Алтыбай Мақсат имамдарға жүктелер жүктің, жауапкершілік пен сенімнің маңыздылығын тағы да  бір түсіндіріп өтті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.