Семей өңіріне білікті дін қызметкерлері қызметке тағайындалды

Қасиетті жұма күні ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітіне ұстаздық қызметке Руслан Сұлтанұлы Ускембаев пен наиб имам қызметіне Ержан Исаханұлы Ниазов тағайындалды.

Семей өңірі бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы жергілікті мешіт жамағатына ұстаз бен наиб имамды таныстырып өтті. Сонымен қатар, жаңадан тағайындалған дін қызметкерлеріне еңбектерінің жемісті болуына тілектестік білдірді.

 

Ускембаев Руслан Сұлтанұлы

2001-2003 жылдар аралығында Семей қаласындағы Қайнар колледжінде «Қаржы және құқықтану» факультетін бітіріп Қаржыгер мамандығы алды.

2005-2012 жылдар аралығында Пәкістан Ислам республикасының Лахор қаласындағы «Арабия» университетін бітіріп Исламтанушы мамандығын алды.

2012-2019 жылдары  Астана медресесінде ұстаздық қызмет атқарды.

2018 – 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Шейх Хунтақажы атындағы мешітте наиб имам қызметін атқарды.

2020 жылы Семей қаласындағы «Қос мұнаралы» орталық мешітіне ұстаздық қызметке тағайындалды.

Ниазов Ержан Исаханұлы

2007-2011 ж.ж. Қарағанды Мемлекеттік Университеті (КАРГУ) физика пәні бойынша педагогтық мамандықты тәмамдаған

2011-2014 ж.ж «Астана» медресесінде білім алып, «Исламтану» мамандығын тамамдаған.

2017-2020 ж.ж. Түркия Республикасының Кайсери қаласында «Хасеки» академиясында оқыған.

2014-2017 ж.ж. «Әзірет Сұлтан» мешітінде кезекші имам қызметін атқарды.

2020 жылы Семей қаласындағы «Қос мұнаралы» орталық мешітіне наиб имамдық қызметке тағайындалды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі