ШЕЙХ РАВИЛЬ ГАЙНУТДИН: ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНАН ШЫҚҚАН ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ИСЛАМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ҮЛЕС ҚОСТЫ
Елордада өтіп жатқан «Бейбітшілік пен рухани келісімді сақтаудағы діни институттардың рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға онлайн режимде қосылған Ресей мұсылмандары діни басқармасының және Мүфтилер кеңесінің төрағасы шейх Равиль Гайнутдин құттықтау сөзін арнады.
«Қазақ топырағынан шыққан дін қайраткерлері, ұстаздар, қазилар мен мүфтилер Ислам өркениетіне өлшеусіз үлес қосты. Сол тұлғалардың бүгінгі мирасқорлары – Рәтбек қажы Нысанбайұлын, Әбсаттар қажы Дербісәліні, Ержан қажы Малғажыұлын, Серікбай қажы Оразды, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын Діни басқарманың 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала дін жолындағы еңбектеріңізге береке берсін» деген құттықтауын жеткізді Равиль Гайнутдин.
Пікір қалдыру