ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНАТЫН ОРЫНДАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Бүгін қалалық Құрбан штабы Семейдегі құрбандық шалынатын орындарды арнайы аралап, дайындық жұмыстарымен танысты.

Тексеру тобы базардағы мал сатушылармен де жүздесіп, қасиетті Құрбан айт мерекесінің маңызын түсіндірді. Айт күндері бағаны шарықтатып, ұлық мерекенің қадірін түсірмеуге шақырды.