Осынау ізгі істің ашылуына демеушілік көрсеткен азаматтарға қасиетті құран мен алғыс хат табыс етті. «Адамға ауа қандай қажет болса, кітапхана да сондай қажет» деген көрнекті жазушының бірі Оралхан Бөкей атамыздың сөзі кітапхананың өмірдегі орнын айқындап тұрғандығын білеміз. Бүгінде ғылыми-техникалық прогресс пен адамзат өркениеті қаншалықты жедел қарқынмен дамып, әлемді ақпараттық технологиялар билеп, кез келген кітаптың мәтінін әп-сәтте интернеттен тауып алатын жағдайға жетсек те, кітапхананың орны бөлек. Қалаған кітабыңды қолыңа ұстап, парақтап оқып, керекті ойларыңды белгілеп, жазып алып, еркін пайдаланғанға шындығында не жетсін. Сонымен қатар кітапхана ішіне алдағы уақытта интернет желісіне қосылып, электронды кітап оқуғада жағдай жасалмақ.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру