Семей аймағының Бас имамы Нарын ауылдық мешітінде

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша Бас имамы Асқар Әбітайұлы   Аягөз ауданына қарасты, Шыңғожа елді мекеніндегі Нарын ауылдық мешітінде болып, жолаушыларға арналған бөлмені көріп, танысты.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚМДБ-ның бастамасымен күре жол бойында орналасқан мешіттерге сапардағы жамағатқа арналған бөлме ашып, жабдықтау уақыт талабы. Осыған орай, жолда қалған жолаушылар мұсылман көңілінен  шыққан оңтайлы шараға ризалықтарын айтып, көптеп алғыс білдіруде.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі