Дін қызметкерінің әдебі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша Бас имамы Мұқанов Асқар Әбітайұлының қатысуымен  Аягөз ауданы  имамдарының кеңейтілген жиыны өтті.

Аудан имамдары жиынында «Дін қызметкері әдебі» тақырыбында семинар өтті. Семинарда Асқар Әбітайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекіткен «Жеті рухани қазық», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат ету мәдениеті», «Зияткер имам»  құжаттары жайында баяндап, сонымен қатар, «Жеті рухани қазық» тұғырнамасының мұсылманның бойындағы адами қасиетпен әдептілік, сыйластық сияқты ізгі сипаттарды қалыптастыру және ұлағатты ұрпақты тәрбиелеу жөнінде ғибратты насихат айтылды.

Бас қосу жиынында аудан имамдарына ас берудегі ысырапшылдықты тыю, ас беру, жерлеу рәсімлерін бірізділікке келтіру мен зиарат жасау мәселелері, зияткер имамның заман талабына сай жан-жақты болуына тоқталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі