Шариғат соты мешітті тонаған ұрыға әділ жаза кесті

Нигерия мемлекетінде мешітке ұрлыққа түскен азаматқа шариғат соты айрықша үкім шығарды.
Кано штатындағы Фагге ауданында орналасқан құлшылық ордасына бірер күн бұрын жергілікті тұрғындардың бірі ұрлыққа түсіп, сегіз Құран кітабын жымқырып кеткен болатын. Тәртіп сақшылары көп ұзамай ұрыны қолға түсіреді.

Шариғат соты отырысында Халиф Абдулахи өз кінәсін мойындап, қазыға бұл қадамға неге барғанын түсіндіріп берді. Азаматтың айтқанына орай, шариғат соты да оған жөні бөлек жаза тағайындаған.

Енді Халиф Абдуллахи 30 күн бойы құлшылық ордасы мен атшаптырым ауласын тазалап тұратын болмақ.

Дереккөз: Muslim.kz