Семей өңірінің мешіт имамдары еліміздегі білімді де білікті діни маман дайындайтын Сарыағаш медресе колледжіне барды. Медреседе оқып жатқан шәкірттермен сұхбаттасып, “Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады” дей отыра білім туралы уағыз айтылды. Қазіргі таңда дұрыс емес діни идиологиялардан сақтанып, тарихы терең дәстүрлі Ханафи мазхабын терең оқуды да айтып өтті. Оған қоса Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығында болды.
Семей өңірінің Бас имамы Асқар Әбітайұлы Сарыағаш медресе колледжінде оқып жатқан Семейлік шәкірттермен жеке кездесу барысында ілім алудың парыздылығы, иман, амал, білімді жастар ел болашағы жайлы уағыз айтып, шәкірттерге батасын берді.
Семей қаласындағы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру