ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша Аягөз қалалық мешітінде ауданға қарасты дін қызметкерлерінің «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» атты имамдардың білімін жетілдіру көшпелі семинары басталды. Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы бастамасымен арнайы ұстаздар келіп, Құран, Ғибадат, Ақида, Ихсан ілімі, ҚМДБ құжаттары негізінде дәріс беріліп, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берілуде.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру