ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ЖӘНЕ МӘНЕРЛЕП ОҚУ ЖАРЫСЫ (ФОТО)

“خيركم من تعلم القران و علمه”

“Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің”

Семей қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІ республикалық байқауына іріктеу сайысы өтті.

Алла Тағала Құран Кәрімде игілікте жарысуды бұйырған болатын. Яғни Алланың кәламын жаттау мен оқу арқылы жарысуға үндеді. Хақ Тағаланың осы үндеуін орындау мақсатында, Құран жарысын өткіздік.

Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау қарилардың Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі