СЕМЕЙ: ХӘКІМ ХӘЗІРЕТ МЕШІТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

«Хәкім Хазірет» мешітінде өткен дүбірлі додада 30 – ға жуық  шәкірттер  бақ сынады.

«30 шы пара» аталымы бойынша сынға түскен қатысушылардың жаттау қабілеті мен қырағатын, тәжуидін Ниазов Ержан, Омаров Ерлан, Серіков Қуаныш сынды  қазылар алқасы тексеріп, жүзден жүйрігін анықтауға тырысты.

Қасиетті Құран аяттары оқылып, батамен басталған шара шымылдығын Семей өңірінің Бас имамы  Асқар Әбітайұлы өзі ашып,  жарыстың маңыздылығын атап өтті. Әрбір әрпі сауапқа тұнған қасиетті Құран Кәрімді жаттаған қатысушыларға да жүрекжарды лебізін арнап, баршасына сәттілік тіледі.

Бірінен-бірі оза шапқан үміткерлер арасынан шын үздігін анықтау әділқазыларға қиынға соққанымен, бабы мен бағы қатар жанғандар жеңіс тұғырынан табылды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздардың барлығы да арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай сертификатка ие болды.

«30 пара» аталымы:

Гран при иегері Жоламан Қуанышбек
1 – орын – Салех Мухамад Мустафа
2 – орын – Бертаев Абдулазиз
3 – орын – Рахимов Әмір
4 – орын – Ермаков Алтынбек, Жалел Ерасыл, Саниязов Ильяс