Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Анашым – Жәннатым» атты ардақты аналар мерекесі өтті. Қыз – келіншектер аналарға ақдастархан жайып, ғибратты насихат айтылды. Аяулы аналардың бастарына тәж кигізіп, жәннатта ұрпақтарыңыздың себебінен осындай тәж кигізілсін деген ниеттерін білдірді. Аягөз қалалық мешітінің Бас имамы Алмас Айткәрімұлы ақжаулықты аналарға сый жасап, халық тыныштығын тілеп, алғысын білдірді. Ата – аналарымыз аман болсын!
Пікір қалдыру