«Алғыс айту» күніне орай, Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешіттің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Ерлан Досымұлы, Аягөз аудандық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы ақ халатты абзал жандармен кездесті. Кездесу барысында Ерлан Досымұлы «МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ИСЛАМ» тақырыбында уағыз жүргізіп, әйелдің исламдағы орны жайлы мағыналы әңгіме қозғады. Алмас Айткәрімұлы жаны жайсаң абзал жандарға еңбектерінің мол сауап екенін айта келе, өз атынан және халық атынан шексіз алғыс білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру