МАҚАНШЫ: “БІЛІМ ЖАМАҒАТ” АТТЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Мақаншы орталық мешіті ұстаздарының ұйымдастыруымен “Білімді жамағат” ілім сайысы өтті.  Сайысқа Мақаншы ауданына қарасты әр мешіттің жамағаттары білімдерін сынады.  Сайыс өңірімізде алғашқы рет өткізілуде. Жеңімпаздарға 1,2,3 орындарға бағалы сыйлықтар, қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.  Кейін арнайы дастархан жайылып, Мақаншы ауданының  Бас имамы  Есбол Ерболұлы  ғибратқа толы уағыз-насихатын айтты.

Мұндай жиындардың, сайыстардың өтуінің ең басты мақсаты –жамағатттың діни білімін арттыру, ауызбіршілікті нығайту, имандылықты көтеру.