ЖАНТ мүшесі Орталық ауруханада

Аягөз қаласындағы орталық ауруханада Алғыс айту күні

Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешіттің наиб имамы, ЖАНТ мүшесі Ерлан Досымұлы медицина қызметкерлері – ақ халатты абзал жандармен кездесті. Адам өміріне арашашы жандарға көктемнің алғашқы күні 1 наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні жұртшылық бір – біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. «Адамдарға алғысы бардың, Аллаға шүкірлігі болады» – деген ізгілерден қалған жақсы сөз бар. Осы орайда Ерлан Досымұлы жанға жайлы уағыз айтып, елге тынбай қызмет етіп жүрген нәзік жандыларға халық атынан алысын жеткізді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі