СЕМЕЙ АЙМАҒЫНДА ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТТАРЫНА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының  Семей өкілдігінде 120 адамға ауызашар берілді.

Рамазан айының құрметіне жайылған ауызашар  дастарханының қадірлі қонақтары қатарында өрт салдарынан баспанасыз қалған жалғыз басты  көп балалы ана мен әйел жамағаты болды.

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Семей аймағы бойынша жетекшісі Данагүл Төлегенқызы жиналған қауымды Рамазан айымен және келіп жеткен мың айданда қадірлі болған Қадір түнімен  құттықтады. Сонымен қатар қалалық мешіттің ұстазы орамал жайлы уағыз айтып, орамал тағу үлгісімен бөлісті.

Қалалық мешіттің шәкірттері Рамазан туралы жыр шумақтарын оқып, балалар жарапазан жырын айтты. Одан өзге он екі айдың ұлықтау мақсатында қадірлі қонақтар арасында ойындар ойнатылып, белсенділік танытқандарға сыйлық табыс етті.

Сонымен қатар, «Әйел-қыздар» секторының атынан баспанасыз қалған отбасыға қажетті заттар мен азық-түліктер табысталды. Іс-шара қортындысында қонақтар игі лебізін білдіріп,ақ жаулықты әжелер батасын берді.