Тарбағатай ауылындағы Рамазан айы қайырымдылығы (ФОТО)

  Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылдық мешітінің имамы Қанат Сейіткәрімұлының ұйымдастыруымен Рамазан айы қайырымдылығы жасалды. Көп балалы әлеуметтік азқамтылған отбасыларына қасиетті ай құрметіне, 10 жанұяға азық – түлік таратылды. Қайырымдылыққа разы болған аналар, мешіттің ізгі ісіне алғыстарын білдірді.