ТАСАТТЫҚ НАМАЗЫН ОҚЫП, ҚҰРБАН ШАЛДЫ (ФОТО)

  Семей қаласының бас имамы Асқар Әбітайұлы қаланың жамағаты және мешіт ақсақалдарымен бірге  тасаттық намазын оқыды.

        Бас имам жиылған жамағатқа тасаттық беру, күнәларға тәубе етіп, кешірім сұрау Алланың рақымына жол ашатын ең ұлы амал екенін атап өтті. Одан кейін жамағатпен бірге екі бас намаз оқылып, Алладан жаңбыр тілеп, дұға жасалды. Содан соң Алла разылығы үшін құрбандық шалынып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы үшін бата жасалды.

    Бір жерге жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде халық Раббыларына көңіл бөлмей, зор күнәға батқандықтан, Алла сол елді сынау үшін, кей кезде, ол жерлерді қуаңшылыққа айналдырады. Құранда Хазіреті Нұх, Хазреті Мұса секілді пайғамбарлардың халқы үшін жауын сұрап, дұға еткендері жайлы сөз етіледі.

Нұх пайғамбар: «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол-өте жарылқаушы», – деді. «Ол сендерге аспаннан мол-мол жауын жіберді»