Абай облысы бойынша қасиетті Құрбан айт намазы барлық мешіттерде жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де оқылды.
Намаздан соң Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имам Ерлан Досымұлы жұртшылықты қасиетті мерекемен құттықтады. “Баршаңызды ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын! Сіздерге амандық пен саулық, бірлік пен береке тілеймін. Құрбан айт – Аллаға ізгі амалдарымызбен жақындайтын ерекше мереке. Бауырмалдықты, адамгершілікті арттыратын мереке күні облыстың орталық мешітінде түрлі шаралар жоспарланған. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!” деп атап өтті Омаров Ерлан.
Пікір қалдыру