ҚҰРБАН АЙТТА МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

Барша мұсылман жұртшылығына қасиетті Құрбан айт мейрамына орай өңірімізде біршама игі істер жасалуда. Жасалып жатқан қайырымдылыққа өңіріміздің еріктілері мен шенді азаматтары ат салысып, барынша үлестерін қосуда. Ел басына күн туған заманда ұйымшылдықтарын танытып, қол ұшын созып жүрген жамағатқа, мұқтаж жандар ризашылықтарын білдіруде!   Өткізіліп жатқан игі іс Құрбан айт уақытымен шектеліп қалмайтынына сеніміміз зор! Баршаларыңызға Құрбан айт мүбарак болсын! Алла Тағала жасаған қайырымдылықтың қайырын өздеріңізге еселеп қайтарсын деген дұға-тілектеміз.