АЯГӨЗ: МЕРЕКЕ КҮНГІ ФУТБОЛ ЖАРЫСЫ

Аягөз қаласындағы спорт мектебінің жанындағы алаңда мешіт жанынан құрылған жастардың ұйымдастыруымен Құрбан айт мерекесі құрметіне командалар арасында футболдан жарыс өтті. Футбол жарысы тартысты да, қызықты өтті. І – орын «Жаңауыл» мешіті командасы, ІІ – орын «Қазығұл ата» мешіті және ІІІ – орын «Сұңқар» командасы иеленді. Сонымен қатар «Үздік шабуылшы, «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинацисы бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздар алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.