Бүгін «Абай Құнанбайұлы» мешітінде Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Абай елінен Қостанай еліне көмек» атты қайырымдылық акциясы басталды. Семей қаласының тұрғындары тарапынан қолдау үздіксіз келуде. Қайырымдылық акциясы 10 қыркүйекке дейін жалғасын табады. Игі бастама ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асуда.
«Әрбір қиындықтан кейін Алланың жеңілдігі болатындығын ұмытпауымыз керек. Абай атамыз айтпақшы: «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», – дейді. Осындай кезде елдігімізді, бірлігімізді, жанашырлығымыз бен мұсылмандығымызды білдіріп сол жақтағы ағайындарға көмек қолын созуды ұйғарып жатырмыз», – деді Абай облысының бас имамы Асқар Мұқанов.
Еске сала кетейік, қазіргі таңда Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы бірнеше ауыл қауіпсіз жерге көшірілді. Үйсіз қалған тұрғындар мектеп пен мешітке орналастырылған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше өрт аумағы 43 мың гектардан асқан.
Пікір қалдыру