Абай облысы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен семейлік әйел жамағатына «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» атты семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастырушылар – өңірлік Әйел-қыздар сектороның меңгерушісі Данагүл Төлегенқызы мен ардагер мектеп ұстазы Саният Хабибқызы. Келелі кездесуде ене мен келін қарым-қатынасы, исламдағы әйел адамның мәртебесі, жанұя жылулығына жауапты нәзік жандылардың отбасыдағы орны мен маңызы сынды тақырыптар қозғалды.
«Алла Тағала әйел баласын өте нәзік әрі әлсіз етіп жаратты. Оған табиғи рең беріп, көркемдеді. Толағай-тағдырдың салмағын нәзік жүрегімен көтере білсін деп оның тұла бойын төзімді етіп жаратты. Дүниеге адам әкелуді, әр ауыртпалықты жеңсін деп Алла Тағала оған мықты қажыр берді. Ерінің иманының толығуына, нағыз ер болып қалыптасуына әсер ететін де осы әйел. Омар ибн Хаттабтың (р.а.) риуаятында Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иманды әйел – қайырлы іс жасамайтын 1000 еркектен де қайырлы» деген», – деді «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінің ұстазы Данагүл Төлегенқызы кездесуді қортындылап.
Пікір қалдыру