Семей қалалық “Қос мұнаралы” мешітінің бас имамы, Жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі Біржан Аманжолұлы Семей станциясы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесті. Жиында дін мен дәстүр сабақтастығы, теріс діни ағымдардың алдын алу мен сақтанудың жолдары, ислам дінінің құндылықтары, қоғамға пайдалы қызмет атқару сынды маңызды тақырыптар қозғалды.
Кездесу соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, қозғалған тақырыптар қортындыланды.
Пікір қалдыру