«УРАНХАЙ» КОНДИТЕРЛІК КӘСІПОРНЫ ХАЛАЛ СЕРТИФИКАТЫН ЖАҢАРТТЫ

Семей қаласындағы «Адал Ас» сауда белгісіне ие «УРАНХАЙ» кондитерлік өнімдер өндірушісі «QMDB Halal» сертификатын жаңартты. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Айдын Жүнісбек табыстады.

«Адал Ас» цехында бақылау-қадағалау шараларын жүргізген және кондитерлік цехтың тамақ өнімдерін дайындау және қайта өңдеу кезінде қолданылатын азық-түлік шикізаты, тағамдық қоспалары толықтай тексерістен өткізілді. Өйткені азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің адалдығы мен тазалығы, қауіпсіздігі – тұтынушылар денсаулығы үшін аса маңызды. «Адал Ас» кондитерлік өнімдері «Халал Даму» бекіткен стандарт талаптарына толықтай сай.

«Адал Ас» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификат 10.11.2022 – 09.11.2023 мерзімі аралығында жарамды.